Ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты арттыру үшін жол картасы әзірленбек - вице-премьер

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты арттыру үшін жол картасы әзірленуде. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысы берген тағы бір тапсырма қазақстандықтар мен шетелдік жұмысшылардың жалақысын, еңбек жағдайын теңестіру жайында болды. Оған қатысты біз заң жобасын дайындадық. Қазір заң жобасы Мәжілісте қаралып жатыр. Келесі мәселе жұмыс берушілердің жауапкершілігін арттыру үшін заңнамаға да өзгеріс енгізу керек. Бұл бағыттағы заң жобасы да Мәжілісте қаралып жатыр. Оны ары қарай депутаттармен пысықтаймыз», - деді Үкімет басшысының орынбасары.

Сонымен қатар ол жергілікті билік өкілдерімен бірге барлық жоғары оқу орындарының сапасына, елімізге қанша мұғалім керектігіне талдау жасалып жатқандығын, алдағы уақытта ұсыныс енгізілетіндігін айтты.

«Келесі тапсырма жоғары оқу орындарының академиялық дербестігін арттыру жөнінде болды. Бұл бағытта да жұмыс жасап жатырмыз. Тиісті ұсыныс енгіземіз. Ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты арттыру бойынша тиісті жол картасын дайындап жұмыс істейміз. Жалпы Мемлекет басшысының тапсырмалары дер кезінде әрі сапалы орындалады», - деді Бердібек Сапарбаев.


Соңғы жаңалықтар