Ғылым мемлекеттік қолдауға мұқтаж – вице-премьер

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ғылым мемлекеттік қолдауға мұқтаж. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің ғылыми қоғамдастық, жоғары оқу орындарының, университеттердің ректорлары ауқымды жұмыс істеп жатыр. Бүгін шешілуі тиіс жоспарларды талқыладық. Бұл – цифрландыру, педагогтарымыздың біліктілігін арттыру, болашаққа кадрлық қажеттілікті дұрыс жоспарлау, бізге қажетті жаңа мамандықтар мәселесі», - деді Үкімет басшысының орынбасары ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде.

Оның атап өтуінше, алда көп жұмыс күтіп тұр.

«Бәсекеге төтеп беру үшін бізге өте көп жұмыс істеу қажет. Ең бастысы ғылыми зерттеулер іс жүзінде қолданысқа ие болуы керек. Осыған жағдай жасауға тиіспіз. Мемлекет басшысының нақты тапсырмалары ғылымды дамытуға бағытталған. Ғылым мемлекеттік қолдауға мұқтаж», - деді Алтай Көлгінов.


Соңғы жаңалықтар