«Ғылым қоры» төрағасының орынбасары Дамир Егізбаев өмірден озды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты «Ғылым қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Дамир Егізбаев 43 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Бұл туралы министр Саясат Нұрбек өзінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін «Ғылым қоры» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Дамир Егізбаевтың мезгілсіз өмірден озғаны туралы қаралы хабар жетті. Біз Дамир Алтынбекұлын әрқашанда аса мейірімді, ақжарқын әрі өз ісінің кәсіпқой маманы ретінде еске алатын боламыз. Министрлік ұжымы атынан марқұмның туған-туыстары мен жақындарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын», - деп жазды Саясат Нұрбек өзінің Facebook парақшасында.

Дамир Алтынбекұлы 1980 жылы 29 шілдеде Алматы қаласында дүниеге келген. Ол әр жылдары «Инжиринг және технологиялар трансферті орталығы» АҚ-да менеджер, бас менеджер, департамент директоры, «ҚазАгроИнновация» АҚ департаментінің директоры, «Агроөнеркәсіптік кешендегі экономикалық саясаттың талдау орталығы» ЖШС Бас директорының орынбасары қызметтерін атқарған.


Фото: facebook.com/sayasat

Соңғы жаңалықтар