+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

«Ғылым қоры» толыққанды жұмыс істеуі үшін 200 млрд теңге бөлу қажет – сенатор

2019 жылғы 4 желтоқсан 12:42
Бөлісіңіз:
«Ғылым қоры» толыққанды жұмыс істеуі үшін 200 млрд теңге бөлу қажет – сенатор

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Ғылым қоры» толыққанды жұмыс істеу үшін 200 млрд теңге бөлу қажет. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бақытжан Жұмағаұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Болашақ педагогтар мен докторанттардың стипендиясы артады Қостанай облысында жыл соңына дейін үш мектеп салынады Қостанай облысының мектептеріне 15 мың компьютер сатып алынбақ

«Бүкіл әлемде технологияларды коммерцияландыруға мемлекет барынша аз қаржы салады. Дегенмен, Қазақстан бизнесінің әлі аяғынан нық тұрмағандығын ескерсек, елдегі қаржыландыру мардымсыз екендігі түсінікті. Сондықтан мемлекеттің коммерцияландыруды қолдау шаралары таяу 5-10 жыл ішінде байыпты әрі елеулі болуы тиіс. Олжас Құдайбергеновтың Ғылым қорына жер қойнауын пайдаланушылардың 1 пайызын тарту жоспары бар. Бұл өте жақсы. Ғылым қорын қаржыландыруды толықтай қарастыру қажет. Арын Орсариевке (Ғылым қорының төрағасы) кемінде 200 млрд теңге бөлу қажетті туралы кеңес бергім келеді. Сонда ғана қор толыққанды жұмыс істейді. Бұл акционерлік қоғам және жарғылық қорын барлық уақытта толықтыруға болады», - деді сенатор елордада өтіп жатқан технологияларды комерцияландыру жөніндегі форумда.

Сонымен қатар ол отандық ғылымның дамуына бөлінетін қаржының мардымсыз болуы кедергі келтіріп отырғандығын айтты.

«Биыл ҚР Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның отырысында мақсатты қаржыландыру бағдарламасын 65 пайызға ұлғайтты. Бұл жақсы көрсеткіш. Гранттық қаржыландыру 115 пайызға, яғни 2 еседен астамға арттырылды. Ал технологияларды коммерцияландыру 5,4 млрд теңге дейінде қалуы өкінішті-ақ. Бұл жерде түсінбестік болған сияқты. Мұнда қордың да кінәсі бар. 38 млрд теңгеден астам қаражатқа 153 жоба жүзеге асырылып жатыр. Ғылым қоры жұмыс істеген 5 жылдың ішінде бизнестің тең қаржыландыруы 14,5 пайыз, шамамен 5 млрд теңге болды», - деді Б.Жұмағұлов.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT