«Ғылым қоры» АҚ төрағасының жаңа орынбасары тағайындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бақытжан Саркеев «Ғылым қоры» АҚ төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Директорлар кеңесінің шешімімен «Ғылым қоры« АҚ төрағасының орынбасары лауазымына Бақытжан Саркеев бекітілді. Бұған дейін ол CSI стратегиялық бастамалар орталығы жобаларының директоры болып жұмыс істеген», - делінген «Ғылым қоры» АҚ-ның Facebook парақшасында жарияланған ақпаратта.

Бақытжан Саркеев Қазақ ұлттық техникалық университетінің Қаратау филиалын «экономика және өндірістік басқару» мамандығы бойынша бітірген. ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның менеджмент, экономика және болжау иниститутының магистратурасын аяқтаған. Мемлекеттік басқару магистрі (Master of Public Administration – MPA) дәрежесі бар.


Соңғы жаңалықтар