Ғылым: Әл-Фараби атындағы мемсыйлықты беру жөніндегі комиссияның отырысы өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының ғылым мен техника саласындағы әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның қорытынды отырысы өтті, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Аталмыш мемлекеттік сыйлық ғылыми жаңалықтар ашқан, жаңа технологиялар ойлап тапқан ғалымдарға, сондай-ақ ғылыми – техника және инновация бағытында нәтижелі жұмыс атқарып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосқан мамандарға беріледі.

2021 жылы әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлыққа үміткер 16 жұмыс келіп түскен. Алдын ала іріктеуден кейін оның 10-ы екінші кезеңге өткен.

Отырыс қорытындысы бойынша Комиссия аталмыш мемлекеттік сыйлықты беру үшін жұмыстар тізбесін бекітті. Енді әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлығын беру туралы Қазақстан Республикасы Президентінің тиісті Жарлық жобасы әзірленетін болады.

Атап өту керек, әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйлық ғылым мен техника саласындағы ғалымдар үшін ең жоғары марапат.


Соңғы жаңалықтар