Гвинеяда мемлекеттік төңкеріс жасалмақ болды

None
None
ПРЕТОРИЯ. ТАСС- ҚазАқпарат – Гвинея Республикасында жексенбі күні мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды. Бұл труралы өзінің порталында Jeune Afrique журналы мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Оның мәліметінше, төңкеріс әрекетін арнайы жасақ күштері тобын басқарушы полковник Мамади Думбуя жасамақ болған. Ол қазіргі кезде ел астанасы Конакри қаласындағы президенттік гвардия қорғап жүрген президент сарайының алдында орналасқан арнайы жасақ бөлімдеріне сүйеніп отыр.

Басылымға сұхбат беруші қалыптасқан жағдайды «күрделі» деп атады. Өз кезегінде Reuters агенттігі Конакри қаласындағы президент сарайының алдында қолдарына қару ұстаған әскерилер тұрғанын хабарлап отыр.

Оның мәліметінше, Конакридің солтүстігінен қаланың оңтүстігіндегі үкіметтік кварталға апаратын жалғыз жолды сарбаздар қоршап алған.

Жоғары өкілетті шенеунік агенттікке Гвинея президенті Альфа Конденің дін аман екенін мәлімдеді. Алайда Reuters-ке сұхбат беруші оқиғаның егжей-тегжейін хабарламады. Бұған дейін Agence France-Presse агенттігі жексенбі күні Конакридің үкіметтік кварталында автоматты қарудан оқ атылғанын хабарлады. Көшелерде әскерилер өте көп. Сарбаздар көшеде жүрген адамдардан үйлерінен шықпауын талап етуде.


Соңғы жаңалықтар