Гвинея шығанағында жүк кемесінен Ресей азаматын ұрлап кетті

None
None
МӘСКЕУ ТАСС-ҚазАқпарат – Ресей елшілігі Экваторлы Гвинея суларының аумағында жүк кемесінің бортынан ресейлік азаматтың ұрланғанын растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Иә, бізде ресейлік азаматтың бірінің ұрланғаны туралы ақпарат бар. Ресейлік тағы екі азамат Экваторлы Гвинеяның астанасы Малабо қаласындағы ауруханада жатыр», - деп мәлім етті ТАСС-қа Экваторлы Гвинея Республикасында міндетін қоса атқарушы РФ-ның Камерундағы елшілігінің қызметкері.

Дипмиссия өкілі сонымен қатар Гвинея шығанағындағы DJIBLOHO кемесінде ғылыми-зерттеу бортынан ресейлік тағы екі азаматтың ұрланғаны туралы алдын ала ақпарат барын атап өтті.

«Біз қазір бұл мәліметті тексеріп жатырмыз. Алайда, ол істің анық-қанығын білмейміз», - деді дипломат.

Сенбі күні теңіздегі қауіпсіздік саласына маманданған Dryad Global порталы Гвинея шығанағында пираттар RIO MITONG жүк кемесіне шабуыл жасағанын хабарлады. Жылдам жүретін қайықпен белгісіз адамдар Малабо портынан екі миль жердегі кемеге жақындап, бортқа көтерілген. А лдын ала мәлімет бойынша, пираттар экипаждың екі мүшесі - Ресей мен Украина азаматын алып кеткен. Экипаждың қалған мүшелері - қауіпсіз жағдайда.


Соңғы жаңалықтар