Гвинея шығанағында пираттар кемеге шабуыл жасап, 7 теңізшіні кепілдікке алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Экваториялдық Гвинея жағалауына жақын маңда пираттар Warden кемесіне шабуыл жасап, жеті теңізшіні кепілдікке алған. Бұл туралы жұма күні Agence France-Presse (AFP) хабарлады.

«Экипаждың 15 мүшесінің сегізі жасырынып үлгерген, қалғандарын ұрлап кетті»,- делінген Экваториялдық Гвинеяның Шахталар мен көмірсутектері министрлігінң мәлімдемесінде.

Қолда бар деректерге қарағанда, экипаж құрамы ОАР, Камерун, Филиппин және Сербия азаматтарынан жасақталған.

Warden кемесін америкалық ExxonMobil мұнай компаниясы Swire мұнай сервистік компаниясына жалға берген.

Пираттар шабуылы жөнінде Экваториялдық Гвинея билігіне ExxonMobi басшылары хабарлаған.

Соңғы жаңалықтар