Гвинея шығанағында қарақшылар «Davide» танкеріне шабуыл жасап, экипаждың 15 мүшесін тұтқынға алды

None
None
ПРЕТОРИЯ. ҚазАқпарат – Теңіз қарақшылары Нигерия жағалауындағы Гвинея шығанағында «Davide» танкеріне шабуыл жасап, экипаждың 15 мүшесін тұтқынға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Танкер Мальта жалауымен сұйық химиялық заттарды тасымалдап бара жатқан.

Бұл туралы жұма күні теңіздегі қауіпсіздік мәселелеріне мамандандырылған «Trade Winds» порталы хабарлады. Тоғыз адамнан тұратын қарулы қарақшылар тобы 11 наурызда танкерге көтеріліп, экипаждың 21 мүшесінің 15-ін тұтқынға алған. Өз кезегінде Dryad Global порталы танкер командасы Украина, Румыния және Филиппин азаматтарынан тұратынын айтады.

Қарақшылардың шабуылы кезінде кеме Нигерияның ерекше экономикалық аймағының шығыс шекарасынан небәрі 9 мильдей жерде болған.


Соңғы жаңалықтар