Гватемала билігі Фуэго жанартауының оянуына байланысты тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіруді бастады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Гватемала оңтүстігінің тұрғындары Фуэго жанартауының оянуына байланысты өз үйлерін асығыстықпен тастап кетуге мәжбүр болды, деп хабарлайды ВВС.

Күл мен ұшқан тастардың салдарынан билік өкілдеріне ел астанасындағы халықаралық әуежайды жабуға тура келді. Жанартау әуежайдан 40 шақырым жерде орналасқан.

Фуэго жақында ғана оянған еді: 2012 жылы лаваның атқылауы мен күлдің шығуы салдарынан бірнеше мың адам қауіпсіз жерге көшірілген болатын.

Соңғы жаңалықтар