Гурбангулы Бердімұхамедов Қасым-Жомарт Тоқаевты «Битараплык» орденімен марапаттады

None
None
АШХАБАД. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанның «Битараплык» жоғары орденімен марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан Президенті Түрікменстанда алғашқы мемлекеттік сапармен жүргенін бұған дейін жазған болатынбыз. Шағын құрамдағы келіссөзден кейін, кеңейтілген форматта екіжақты келіссөздер өтті. Кейін қос мемлекеттің басшылары БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді.

Брифингіден кейін ҚР Президентін «Битараплык» орденімен салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті. Мемлекет басшысына Жоғары награданы Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов табыстады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президентін келер жылы Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырғанын айта кетейік.


Соңғы жаңалықтар