Гурбангулы Бердімұхамедов бірқатар шенеуніктерге сөгіс жариялады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түрікменстан қорғаныс министрлігінің Азаматтық қорғаныс және құтқару жұмыстары бас басқармасының басшысы қызметінен босатылды. Одан бөлек, президент Гурбангулы Бердімұхамедовтың өкіміне сәйкес жетекші корпустың бірнеше мүшелеріне қатаң сөгіс жарияланды, деп хабарланды Түрікменстан Үкіметінің сайтында. 

Түрікменстан Президенті және Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Гурбангулы Бердімұхамедов подполковник Оразмедов Ровшен Назарұлын жұмыста елеулі кемшіліктерге жол бергені үшін Қорғаныс министрінің орынбасары - Түрікменстан қорғаныс министрлігі азаматтық қорғаныс және құтқару жұмыстары бас басқармасының басшысы қызметінен босату туралы қаулыға қол қойды.

Одан бөлек, жетекші корпустың бірнеше мүшелеріне қатаң сөгіс жарияланды.

Түрікменстан Президенті және Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Гурбангулы Бердімұхамедовтың өкімімен лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамай, қарамағындағы жеке құрам қызметін бақылауда кемішіліктерге жол берген қорғаныс министрі Бердиев Яйлым Ягмырұлына қатаң сөгіс жарияланды.

Президент Гурбангулы Бердімұхамедовтың өкімімен өз міндеттерін орындамай, қызметте өрескел кемшіліктер жібергені үшін төмендегі тұлғаларға қатаң ескерту жарияланды:

Министрлер Кабинеті төрағасының орынбасары Амангелдиев Дадабай Сапарұлына;

Ашхабад қаласының әкімі Дурдылыев Шамухаммедке;

Коммуналдық шаруашылық министрі Абилов Мыратнияз Язмухаммедұлына;

«Тürkmenhowaýollary» қызметінің басшысы Сабуров Довран Реимбайұлына;

Түрікменстан Президенті Аппараты мен Түрікменстан Министрлер Кабинеті басқармасының меңгерушісі Хажымырадов Хаджымырат Искандерұлына.


Фото: www.azernews.az

Соңғы жаңалықтар