Гүмүшхане провинциясында Қазақстан мен Түркия дипломатиялық қатынастарының 20 жылдығына арналған іс-шаралар ұйымдастырылды

None
None
   ЫСТАМБҰЛ. 17 маусым. ҚазАқпарат /Ирина Дынникова/- Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Жансейіт Түймебаев Түркияның Қара теңіз жағалауындағы әдемі провинцияларының бірі - Гүмүшханеге жұмыс сапарымен барды.

 Сапар аясында Елшілік Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қатынастардың 20 жылдығына арналған іс-шаралар ұйымдастырды.

            Ж.Түймебаев провинция губернаторы Юсуф Майдамен, қала мэрі Мұстафа Жанлымен, «Гүмүшхане» университетінің ректоры Ихсан Гүнайдынмен кездесті.

Сондай-ақ «Гүмүшхане» университетінде қазақ-түрік қатынастарының 20 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция жұмысына провинция губернаторы Юсуф Майда, билік басындағы Әділет және даму партиясының Бас хатшысы - парламентаралық қазақ-түрік достық тобының төрағасы Халюк Ипек, Түркия парламентінің депутаттары, қала мэрі Мұстафа Жанлы, ректор Ихсан Гүнайдын, екі елдің академиялық топтарының өкілдері, сонымен қатар әл-Фараби атындағы Қазақұлттық университетінің екі оқытушысы қатысты.

            Өз кезегінде Елші  Қазақстан тәуелсіздігін әлемде  бірінші болып таныған ел Түркия болып табылатынын аса назар аудара  отырып, Қазақстан халқының бауырлас Түркияға деген ризашылығын жеткізді және мұны әрқашан есте сақтайтынына сендірді. Бауырлас екі елдің өзара іс-қимылы жоғары деңгейде жүзеге асырылуда екендігіне тоқталды. Сондай-ақ Түркия Премьер-министрі Р.Т.Ердоғанның ү.ж. мамыр айында ресми сапарының және Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың қазан айына жоспарланған Түркияға сапарының маңыздығына тоқталды. Бұл сапарлардың Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастыққа жаңа серпін беретініне өз сенімін білдірді.

            Елші Ж.Түймебаев конференция баяндамашыларына естелік сыйлықтар мен грамоталар тапсырды.

            Конференция шеңберінде тәуелсіздіктің 20 жылы ішіндегі Қазақстанның жетістіктерін паш ететін суреттер көрмесі ұйымдастырылды.

Соңғы жаңалықтар