Гуманизация туралы жаңа заңның аса ауыр қылмыс жасағандарға шарапаты тимейді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда әкімдікте өткен қоғамдық кеңес мүшелері мен ІІД қызметкерлерінің отырысында Алматы прокуроры Берік Жүйріктаев Гуманизация туралы жаңа заңға түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа заң ҚР қылмыстық-процессуалдық заңнамасын ізгілендіруге бағытталған. 

Қала прокуроры Берік Жүйріктаев аса ауыр қылмыс - терроризм, экстремизм, адам өлтіру, адам зорлау, қинау сияқты қылмыс жасағандарға ізгілендіру туралы заңның шарапаты тимейтінін айтты. 

Одан басқаларға балама жаза ретінде қоғамдық жұмыстар қарастырылады. Сотталғандар көшелерді абаттандырып, көгалдандырып, қоғамға пайдасын тигізетін болады. 

Сонымен қатар, Жүйріктаев пробация қызметі сотталғандарды қайта әлеуметтендіру бағытында нақты әрі анық жұмыс атқаруы тиістігін айтты.

Соңғы жаңалықтар