Гуманитарлық жүк тиелген автокеруен елордадан Қызылағаш ауылына жол тартты

None
None
СТАНА. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Бүгін елордадан гуманитарлық жүк тиелген автокеруен Алматы облысының Ақсу ауданына қарасты Қызылағаш ауылына жол тартты.

Су тасқынынан зардап шеккен аймаққа жөнелтілген көмекті «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әмірхан Рахымжанов пен Астана қалалық кәсіпкерлік және өнеркісіп басқармасы бастығының орынбасары Бақытжан Сейітов жеткізбек.

Елорда әкімдігінің автокеруенді жасақтау акциясына «Цесна астық концерні», «Агроком», «Шарын көтерме базары», «Кәмпит», «Астана полиграфия», «Артем» сынды 20 компания қолдау көрсеткен.

Жиналған 49 атаулы халықтық тұтыну тауарларының жалпы салмағы 50 тоннаны құрайды. Онда 2500 келі ұн, 1786 келі макарон, 1450 келі қант, 675 келі күріш, 881 литр өсімдік майы, 700 литр сүт, 10840 банкі түрлі консервілер, сондай-ақ киім-кешек, көрпелер, балалар ойыншықтары, ас үй жабдықтары және жеке гигиеналық заттар бар. Азық-түлік көлемі 1000 адамға 1 айға жеткілікті. Гуманитарлық көмектің жалпы құны 30 миллион теңгені құрайды.

«Ешқандай материалдық көмек жақын туыстарынан айырылған адамдардың жан-жарасын емдей алмайды. Дегенмен Астананың гуманитарлық көмегі зардап шеккен адамдардың материалдық қиындықтардан арылуына, сонымен қатар жан дүниелеріне жылу болатындығына сенгіміз келеді»», дейді Астана әкімінің орынбасары Қанат Сұлтанбеков.

Соңғы жаңалықтар