+7 (701) 759 90 19
USD 425.95 EUR 495.12
RUB 6 CNY 66.6
Jańalyqtar

Гуманитарлық көмек: QazVac вакцинасының 25 мың дозасы Қырғызстанға жеткізілді

2021 жылғы 28 шілде 16:18
Бөлісіңіз:
Гуманитарлық көмек: QazVac вакцинасының 25 мың дозасы Қырғызстанға жеткізілді

БІШКЕК. ҚазАқпарат – Бүгін Қырғызстанға COVID-19 пандемиясымен күрестегі ынтымақтастық шеңберінде Қазақстаннан QazVac инактивтендірілген вакцинасының 25 000 доза көлемінде ізгілік көмек жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
АӨІСШК елдеріне QazVac-пен көмектесуге дайынбыз - Ақан Рахметуллин

Бұл жайында Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мәлімет таратты.

Вакцинаны тапсыру рәсімі Қырғызстан Денсаулық сақтау министрі Алымкадыр Бейшеналиев, Қазақстан Елшісі Рәпіл Жошыбаев пен медициналық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен өтті.

Министр А.Бейшеналиев елде коронавирустық инфекцияның одан әрі таралуына қарсы іс-қимылда маңызды қолдау көрсеткені үшін Қазақстан тарапына шынайы ризашылығын білдірді.

«Біз Astra Zeneca, Sputnik V және басқа да шетелдік вакциналармен қырғызстандықтар QazVac-пен де екпе алатынына қуаныштымыз», - деп атап өтті ол осы орайда.

Оның айтуынша, қазақстандық вакцина халықты вакциналау пункттеріне жедел таратылады және азаматтардың коронавирусты жұқтыру қаупін азайту бойынша республиканың медициналық жүйесінің мүмкіндіктерін нығайтады.

Өз кезегінде Р. Жошыбаев вакцинаны жеткізуді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен келіссөз нәтижесі бойынша берген тапсырмасына сәйкес Қазақстан Үкіметі ұйымдастырғанын атап өтті.

«Қырғызстан біздің достарымыз бен халықаралық серіктестеріміздің арасында бірінші болып коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина алады, бұл елдеріміз арасындағы достық пен тату көршілестік қатынастарын тағы да растайды», – деп атап өтті елші.

Ол сондай-ақ Қазақстанның ізгілік көмегі көптеген адам өмірін құтқаруға және Қырғызстандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жақсартуға көмектесетініне сенім білдірді.

QazVac вакцинасын Қазақстанның Білім және ғылым министрлігінің Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты өндіріп шығарған және 2021 жылдың басынан бері ол ресейлік және қытайлық мамандар әзірлеген препараттармен қатар қазақстандықтарды вакциналау үшін кеңінен қолданылады.

Қазақстанда клиникалық сынақтар мен оны кеңінен қолдану тәжірибесі QazVac вакцинасының қауіпсіздігін және оның коронавирустық инфекция мен оның ауыр түрлерін жұқтырудың алдын алуда жоғары тиімділігін (90%-дан астам) көрсетті.

QazVac-пен вакциналау 18 жастан асқан адамдарға ұсынылады және бұлшықет ішіне екі кезеңде жүргізіледі, олардың арасындағы ұсынылатын аралық 21 күнді құрайды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, салалық органдар отандық вакцинаға келісім алу үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен жұмыс жүргізіп жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT