Гүлшара Әбдіқалықова: Жамандық қылсаң пәле күт, бәріне де зауал бар
«Мемлекет басшысы ағымдағы жылғы Жолдауында жемқорлықпен белсенді күрес жүргізілетіндігін баса атап өтті. Қазақстан БҰҰ-ның жемқорлыққа қарсы конвенциясының ережелері мен ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, халықаралық үздік тәжірибе негізінде жемқорлықтан азат қоғам құруға ұмтылатын заманауи мемлекеттің өзінің моделін құрды. Бес институттық реформа мен 2015-2025 жылдарға арналған Қазақстанның жемқорлыққа қарсы стратегиясының аясында жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесін жаңғыртуды жүргізіп жатыр, заңнамалық база құрылды», - деді ол.
Мемлекеттік хатшының атап өтуінше, Қазақстан жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ұлттық жүйесін дамыта отырып, жаһандық трендтерді және дамыған мемлекеттер мен халықаралық бірлестіктердің алдыңғы қатарлы тәжірибелерін ескеретін болады. осы ретте Гүлшара Әбдіқалықова жемқорлыққа қарсы іс-қимылда жүзеге асырылуы тиіс негізгі міндеттерді атады.
«Бірінші- жемқорлықтың кез келген көрінісіне нөлдік төзімділік ахуалын қалыптастырып, дамыту, қоғамның құқықтық мәдениетін арттыру. Екінші - мемлекеттің, азаматтық қоғамның және халықаралық ұйымдардың жан-жақты серіктестігін тереңдету. Үшінші - мемлекеттің түрлі қызметтеріндегі жемқорлықтың алдын алу үшін мемлекеттің, ҮЕҰ-лердің өзара іс-қимылын кеңейту. Қазақта: «Жамандық қылсаң пәле күт, бәріне де зауал бар» деген халық даналығы бар. Меніңше, біздің барлығымызда да оны есте ұстап, осынау афоризмнен таймауымыз қажет»,- деді Гүлшара Әбдіқалықова.