Гүлшара Әбдіқалықова Тараз қаласындағы аз қамтылған отбасыларға барды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін түстен кейін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықованың жетекшілігімен Үкіметтік жұмыс тобы Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік шараларының негізгі бағыттарын түсіндіру мақсатында Жамбыл облысына барды. Бұл туралы primeminister.kz сайтында хабарлады.

Жұмыс тобының құрамында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е. Жылқыбаев, денсаулық сақтау вице-министрі Л. Ақтаева, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы М. Жайымбетов болды.

Жұмыс сапасының бірінші пункті Тараз қаласындағы аз қамтылған отбасылар болды. Мәселен, зейнеткер жұбайымен мектеп жасындағы алты баланы тәрбиелеп отырған көп балалы ана А. Науатоваға жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмектің белгіленуі туралы түсіндірілді. 1 сәуірден бастап АӘК қайта есептеледі, енді олар 144 мың 600 теңге алатын болады.

Премьер-Министрдің орынбасары еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрімен бірге Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысын тексерді, мұнда 621 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Биылғы жылдың 1 тоқсанында азаматтарға 20 мыңнан астам қызмет көрсетілген.null

Сонымен қатар Үкіметтік жұмыс тобының мүшелері Тараз қаласындағы Жұмыспен қамту орталығының қызметімен танысып, АӘК белгілеу алгоритмін қарастырды. 2018 жылы 12 мыңнан астам адам түрлі қызметтер алған. Жалпы облыс бойынша 2019 жылдың қаңтар-ақпан айларында белсенді жұмыспен қамту шараларымен қамту 5999 адамды құрады. 1903 тұрақты жұмыс орны құрылды, ақы төленетін қоғамдық жұмыстарға 2277 адам тартылды.

Сапар соңында Гүлшара Әбдіқалықова азаматтарды жеке қабылдады. Атап айтқанда, Байзақ ауданынан Әли Қоштай бизнес ашу үшін несие алуда көмек беру өтінішін жеткізді. Ол Өнімді жұмыс пен жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты (жаппай кәсіпкерлікті дамыту) бойынша оқытылып, сертификат алған. Оның мәселесі оң шешілді, вице-премьер өңір басшылығына нақты тапсырма берді.

Бұл уақытта жұмыс тобының басқа мүшелері облыстағы түрлі ұйымдарға барды. Мәселен, денсаулық сақтау вице-министрі Л. Ақтаева Жуалы ауданын, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы М. Жайымбетов Тараз қаласындағы энергетика, құрылыс және ТКШ нысандарын аралады. Олар емханаларға, ауруханаларға, құрылыс алаңдарына, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарында болып, денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен, құрылысшылармен, сонымен қатар ауыл тұрғындарымен кездесті.null

Бұдан өзге, олар еңбек ұжымдарының өкілдерімен кездесулер өткізіліп, әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері бойынша нақты түсініктер берді.

Жамбыл облысына жұмыс сапары жалғасады.

Соңғы жаңалықтар