Гүлшара Әбдіқалықова өңірлерге жасаған жұмыс сапарларын қорытындылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» жаңа әлеуметтік шараларының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша өңірлерге жасаған жұмыс сапарларын қорытындылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елбасының «Әлеуметтік қамқорлық» атты жаңа әлеуметтік шараларын іске асыру жөніндегі ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін 12 наурыздан 4 мамырға дейін осы отырған құраммен үкіметтік жұмыс тобы еліміздің барлық өңірлеріне барды. Осы уақытқа дейін 263 кездесу өткіздік. 157 елдімекенде болып, 269 адам жеке қабылданды. Тұрмысы төмен 72 отбасының үйіне бардық. Жалпы, саны 27 мың адамды қамтыдық», - дейді Гүлшара Әбдіқалықова Үкіметтің баспасөз орталығында.

Оның айтуынша, сапарлар бағдарламасына мына жұмыстар кірген: біріншіден аймақ тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылған. Олардың құрамына көпбалалы және тұрмыс төмен отбасылар, еңбек ардагерлері, мүгедектер, білім саласы мен денсаулық сақтау, халықтың әлеуметтік қорғау саласының қызметкерлері, қалалар мен ауыл тұрғындары енген.

«Кездесулерді талдай келе халықтың әлеуметтік осал санаттарын, ең алдымен көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларды тұрғын үй, атаулы әлеуметтік төлем, жұмысқа орналасу, шағын несие беру, жер телімдерін беру, білім беру, денсаулық сақтау сапасын және басқа да өзекті өңірлік мәселелерді көтеретінін көрдік. Екіншіден аудан әкімдіктерімен, кәсіпорындар басшыларымен, бизнес-құрылымдарының жетекшілерімен кездесу өтіп, әлеуметтік еңбек саясат, жалақысы төмен азаматтардың айлығын көтеру, айлық бойынша қарызды өтеу, еңбек қауіпсіздігін сақтау мәселелері талқыланды. Әлеуметтік көмек бойынша бизнес құрылымдарының белсенділігін ерекше атап өтер едім», - дейді Үкімет басшысының орынбасары.

Гүлшара Әбдіқалықова Алматы облысында «Ақ терек» шаруа қожалығының иесі Темірлан Шайнүсіпов деген азаматтың ауылдастарын жұмыспен қамтып қана қоймай, әлеуметтік салаға ақша бөліп жатқанын атап өтті. Ол бизнесмен ауылында балабақша, спорт алаңын, сауда орталығын салған. 2008 жылдан бастап көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылар үшін 105 пәтер тұрғызып берген.

«Қостанай облысында «Еңбек» бағдарламасының, Қызылорда облысында білім мен ғылымға қатысты бағдарламалардың, Ақмола облысында «Денсаулық» бағдарламасының, Жамбыл облысында алғашқы медициналық көмек беру бағдарламасының, СҚО-да еңбек ресурстарының мобильділігі жұмыстарының барысы талқыланды», - дейді Гүлшара Әбдіқалықова.

Соңғы жаңалықтар