+7 (701) 759 90 19
USD 388.81 EUR 429.01
RUB 6.08 CNY 55.49
Jańalyqtar

Гүлшара Әбдіқалықова мұғалім мәртебесі туралы заңның қашан қабылданатынын айтты

2019 жылғы 16 тамыз 14:16
Бөлісіңіз:
Гүлшара Әбдіқалықова мұғалім мәртебесі туралы заңның қашан қабылданатынын айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін «Мұғалім мәртебесі туралы» заң қабылданады. Бұл туралы бүгін Тамыз конференциясында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Болат Бақауов ұстаздарға қазақ тілінде оқыту сапасын арттыруды тапсырды Президент: Білім министрі қаржы министрінен кейін тұруы керек Мемлекет басшысының тамыз конференциясында сөйлеген сөзінің толық мәтіні

«Уақыттарыңызды көп алмай, екі мәселеге тоқталғым келеді. Бірінші мәселе - ол Президент айтқан мұғалімдердің мәртебесін көтеру туралы заң. Осы заңды жақын уақытта, 1 қыркүйекке дейін Парламентке енгізуіміз керек. Сондықтан министрлікке 1-2 аптаның ішінде Парламентке енгізу туралы тапсырма беремін», - деді вице-премьер.

Оның атап өтуінше, «Мұғалім мәртебесі туралы» заң жобасы еліміздің барлық өңірлерінде жан-жақты талқыланған.

«Сондықтан 1 қаңтарға дейін бұл заңды қабылдауға негізгі мүмкіндік бар деп ойлаймын. Екінші мәселе - ол барлық деңгейде білімнің дамуы мен ғылымның дамуы. Осыған байланысты біз 2025 жылға дейін білім мен ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын қабылдауымыз керек. Бұл бағдарлама осы жылдың соңына дейін толық жоспары жасалып, қабылдануы тиіс», - деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: ҚР Үкіметі, Білім, Заң,
Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT