Гүлшара Әбдіқалықова «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздарын марапаттады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада «Мерейлi отбасы» республикалық конкурсының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дәстүрлі байқауға биыл да Қазақстанның түпкір-түпкірінен дәрігерлер, ұстаздар, спортшылар мен әскерилердің отбасы қатысты. Ал бүгін байқаудың барлық финалистері елордаға жиналды.
null 

Шараны ашқан Мемлекеттік хатшы әрі ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы Гүлшара Әбдіқалықова қатысушыларға Елбасының құттықтау сөзін оқып берді.

«Отбасы институтын нығайту тәуелсіздік жылдары мемлекетіміздің әлеуметтік саясатындағы басым бағыттардың біріне айналды. Бұл бағытта маңызды шешімдер қабылданды. Елімізде жыл сайын Отбасы күні мейрамын атап өту мақсатымен «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы ұйымдастырылып келеді. Бүгінде жүзеге асырылып жатқан Президенттің «Бес әлеуметтік бастамасы» сияқты жалпыұлттық жобалар қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға, отбасыға жан-жақты қолдау көрсетуге бағытталған», - делінген Президенттің құттықтау хатында.
null 

Салтанатты кеште Мемлекеттік хатшы ақтық кезеңге өткен әрбір отбасыға дипломдар мен бағалы сыйлықтар тапсырды.

Айта кетейік, жеңімпаз отбасылар 31 тамыз бен 7 қыркүйек аралығында өткен sms/интернет дауыс беру нәтижесінде анықталды. Осылайша, Жамбыл облысынан қатысқан Ниязқұловтар әулеті «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының 2018 жылғы лауреаты атанды. Әулет отағасы Үмен Ниязқұлов (83 жаста) 40 жылдан астам уақыт ауыл мектебінде мұғалім, директор қызметтерін атқарған. Зайыбы Баян Ниязқұлова (80 жаста) 26 жыл бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеген. Аға буынның педагогикалық қызметін балалары мен немерелері жалғастыруда. Әулеттің 3 буынының жалпы  педагогикалық өтілі - 198 жыл. Ерлі-зайыптылар 62 жыл бірге өмір сүріп келеді және бірлесіп 12 бала, 32 немере, 20 шөбере тәрбиелеп, өсіріп отыр.
null null null 

Г.Әбдіқалықова жеңімпаз отбасыға салтанатты түрде естелік мүсінше мен автокөлік кілтін табыс етті.
null 

Одан бөлек, конкурста қызылордалық Ишамқұловтар мен ақтөбелік Айтбаевтар әулеті жүлделі орындарға ие болды. Айтбаевтар әулеті - халықаралық байқауларда топ жарып жүрген қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің отбасы.

Марапаттау рәсімі қазақстандық танымал эстрада әртістерінің концертімен аяқталды.

null null null null 

Соңғы жаңалықтар