+7 (701) 759 90 19
USD 399.67 EUR 452.95
RUB 5.82 CNY 56.36
Jańalyqtar

Гүлшара Әбдіқалықова Қызылордағы коронавируспен күрес шараларымен танысты

2020 жылғы 28 наурыз 18:07
Бөлісіңіз:
Гүлшара Әбдіқалықова Қызылордағы коронавируспен күрес шараларымен танысты

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін Қызылорда облыс әкімі қызметіне тағайындалған Гүлшара Әбдіқалықова аймақтағы коронавируспен күрес бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Г.Әбдіқалықова алдымен облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына барды.Үш қабатты ғимаратта орналасқан емдеу орны 1989 жылдан бері жұмыс істейді. Онда облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдусаметов өңірде коронавирус індетінің алдын алу бағытынды атқарылып жатқан шаралар туралы баяндады. Коронавирусқа қарсы күрес жөніндегі аймақтық штаб отырысының шешіміне сәйкес, барлығы 100 провизорлық стационар ашылған. Оның 30-ы облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында, 70-і облыстық балалар мен жасөспірімдерге арналған туберкулезге қарсы санаториясында орналастырылды. Сонымен қатар, карантинге оқшаулау мақсатында облыс бойынша барлығы 850 төсек орын дайындалған.


Аймақ басшысы ауруханаларда төсек орындарын көбейтуді және коронавирус ауруының алдын алу бойынша жұмыстарды күшейтуді тапсырды.

«Мемлекет басшысы коронавирус індетінің таралуына байланысты елімізде төтенше жағдай жариялады. Бұл жағдайда медицина қызметкерлеріне үлкен жауапкершілік артылады. Емдеу мекемелерінде төсек орнын көбейту қажет. Вирустың таралуын алдын алу және емдеу үшін күшейтілген режимде қызмет жасайтын боламыз», - деді Гүлшара Наушақызы.


Мұнан соң облыс әкімі ұлттық сараптама орталығы жұмысымен танысты. Қызылорда қаласында орналасқан ҚР ДСМ тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Ұлттық сараптама орталығының филиалы қажетті құралдармен жабдықталған. Тест қондырғыларының саны - 800 дана. Қызметкерлер қорғаныш костюмі, бетперде және қолғаппен қамтамасыз етілген. Ағымдағы жылдың 30 наурызында қосымша медициналық бұйымдар жеткізіледі деп жоспарлануда.

Айта кетейік, Қызылорда облысында коронавирусты инфекциясының таралуын болдырмау жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды үйлестіру мақсатында комиссия құрылған.

Сондай-ақ, коронавирусты инфекциямен ауырған немесе оған күдікті науқасты кіргізбеу және аурудың таралуын болдырмауға бағытталған індетке қарсы шаралардың кешенді жоспары бекітілді.

Бұдан бұрын Қызылордада коронавирус жұқтырғандармен байланыста болған 30 адам анықталған болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT