Гүлшара Әбдіқалықова Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының жұмысымен танысты (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Дүниежүзі қазақтары қауымдастығында жұмыс сапарымен болды.

Мемлекеттік хатшы құрылғанына ширек ғасыр толғалы отырған Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының өзге қоғамдық ұйымдардан мақсаты мен міндеттері бөлек екендігін атап өтті.
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев Мемлекеттік хатшыны қауымдастықтың жұмыс жоспарымен таныстырып, шетелдегі қазақ диаспорасының өзекті мәселелерін баяндап берді. Айтылған ұсыныстар мен пікірлерді мұқият тыңдап, жазып алған Мемлекеттік хатшы делегация құрамындағы ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ғалым Ахмедьяров пен ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Аслан Қаржаубаевқа нақты тапсырмалар берді.

«Кеше ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жиналыс өткізді. Ондағы талқыланған мәселелердің үлкен бір бөлімі көші-қонға қатысты болды. «Көші-қон туралы» заңды әдейі қабылдадық. Шетелден көшіп келем деген оралмандарға мүмкіншілік жасау керек. Әсіресе, білім бар, жұмыс істеймін дегендер үшін... Әлемдік дағдарыс салдарынан енді елімізге Еуропадағы қазақтар да Қазақстанға көшіп келе бастауы мүмкін. Францияда болған кездесуде олар осындай ойларын айтты.
Елбасы жиналыс кезінде отандастарды қолдаудың үлгісі ретінде ретінде бірнеше рет Ресейден мысал келтірді», - деді Г.Әбдіқалықова.
Сондай-ақ, Мемлекеттік хатшы Талғат Асылұлының шетелдегі қазақ диаспорасының нақты санына қатысты зерттеу жүргізу мәселесін қарастыру және қазақ диаспорасы арасында Қазақстанның көші-қон саясатын түсіндіру жұмыстарын жандандыру жөніндегі ұсыныстарына қолдау көрсетуге уәде берді.
null null

Соңғы жаңалықтар