+7 (701) 759 90 19
USD 423.87 EUR 505.25
RUB 5.59 CNY 64.43
Jańalyqtar

Гүлшара Әбдіқалықова Байқоңыр ғарыш айлағынан «СоюзМС-17» кемесінің ұшырылуын тамашалады

2020 жылғы 15 қазан 09:36
Бөлісіңіз:
Гүлшара Әбдіқалықова Байқоңыр ғарыш айлағынан «СоюзМС-17» кемесінің ұшырылуын тамашалады

БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова жұмыс сапарымен Байқоңыр қаласына барып, «СоюзМС-17» ғарыш кемесінің ұшырылуын тамашалады.

Аймақ басшысы «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Рогозинмен кездесіп, ғарыш кемесін ұшыруға қатысуға шақырғаны үшін ризашылығын білдіріп, құрметін жеткізді. Сонымен бірге зымыранды ұшыруға жұмылдырылған мамандарды құттықтады.

- Бүгінгі ұшырылым өте маңызды, өйткені кеме бортинженері Сергей Владимирович - біздің жерлесіміз, Байқоңыр қаласының тумасы. Сондай-ақ, ғарыш кемесінің ұшырылған күні НАСА астронавты Кэтлин Рубинстің туған күніне сәйкес келді. Мен оларға мықты денсаулық, сәттілік, жұмсақ түйісу және қойылған міндеттерді ойдағыдай орындауды тілеймін. Сіздің кәсіби шеберлігіңіз бен біліктілігіңіздің арқасында бүгінгі ұшырылым сәтті аяқталғанын да атап өткім келеді. Баршаңызға денсаулық, сарқылмас қуат, барлық істеріңізге сәттілік тілеймін, өміріңіз ошақ жылуы мен отбасыңыз бен достарыңыздың сүйіспеншілігіне толы болсын,-деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.

Айта кетейік, «СоюзМС-17» ғарыш кемесін Ресей Федерациясының 121-ші ғарышкері Сергей Рыжиков, ғарышкер-сынақшы Сергей Владимирович пен НАСА астронавты, 339-шы АҚШ астронавты және 549-шы әлем астронавты Кэтлин Кэйт басқарады.

Ғарыш зымыранын ұшыру сәтінен кейін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова мен «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Рогозинмен бірақатар мәселелер жөнінде сөйлесті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT