Гүлсая Ержан Азия чемпионатының финалына жолдама алды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Иордания астанасы Амман қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында Гүлсая Ержан финалға жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Г.Ержан 81 келіге дейінгі салмақта Вьетнам өкілі, 2019 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Тхи Хуонг Нгуенмен финалдың жолдамасын сарапқа салды.

Гүлсая үш раунд бойы ширақ қимылдап, соққыларын дарыта алды. Төрешілер бір ауыздан жеңісті қазақстандық боксшыға берді – 5:0.

Осылайша, бүгін рингке шыққан қазақстандық тоғыз боксшының төртеуі финалға жолдама алса, қалған бесеуі қола жүлдемен шектелді.

Бейсенбі күні ерлер арасында жартылай финалдық жекпе-жектер өтеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Азия чемпионатында бүгін тоғыз қазақстандық боксшының финалға шығу үшін таласатынын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Назым Қызайбай Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Жайна Шекербекова Азия чемпионатының финалына шықты.

Мәдина Нұршаева Азия чемпионатында «қоланы» қанағат тұтты.

Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына тағы бір «қола» түсті.

Алуа Балқыбекова Азия чемпионатының финалына шықты.

Жазира Орақбаева Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Карина Ибрагимова әлем чемпионын ұтып, финалға шықты.

Дариға Шәкімова Азия чемпионатының қола жүлдесіне ие болды.


Соңғы жаңалықтар