«Гүлнар Тур» фирмасының туристерге келтірген шығыны 30 млн. теңгеден асты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Гүлнар Тур» фирмасының туристерге келтірген шығыны 30 млн. теңгеден асты. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне қалалық прокуратураның ресми өкілі Гүлнар Бердібекова айтты.

«Бостандық аудандық прокуратурасы тергеуге дейінгі тексеру жүргізді. Нәтижесінде, туристік фирманың келтірген залалы алдында хабарланған сома - 6 млн. теңгеден көп болып шықты. Қазір анықталған шығын көлемі 30 млн. болды. Ендігі кезекте туристік фирманың басшылығына тағылған айыптың ҚР ҚК 177 бабының 3 бөлімінен 4 бөліміне, "ірі көлемде" емес, "аса ірі көлемде" деп өзгертілуі мүмкін. Егер олардың айыбы анықталса, фирма басшылығы 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Бұған дейін жүгінген адамдардың саны 28 болса, қазір 35-ке жетті», - деді Гүлнар Бердібекова.

Бостандық ауданының прокуратурасы аталған дерекке байланысты қылмыстық істі 9 шілдеде қозғаған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, жазғы демалысын Түркияда өткізген бірнеше қазақстандық турист үйіне жете алмай, жат елдің әуежайын сағалап жүруге мәжбүр болған еді.

«Гүлнар Тур» фирмасының жолдамасын сатып алған туристер көп ұзамай өздерінің алданғанын білген.

Келісімшарт бойынша Jet Airlines әуе компаниясы қазақстандық туристерге тек 30 маусымға дейін қызмет көрсетуге тиіс болатын. Ал, фирма басшылығы болса, туристерге жолдаманы шілдеге дейін сатып келген.

Соңғы жаңалықтар