+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 512.1
RUB 5.63 CNY 64.49
Jańalyqtar

Гүлнәр Салықбай: Қазір бүкіл әлем тығырыққа тіреліп тұр

2020 жылғы 1 сәуір 16:17
Бөлісіңіз:
Гүлнәр Салықбай: Қазір бүкіл әлем тығырыққа тіреліп тұр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Гүлнәр Салықбай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесіне орай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирус: Қазақстанның 3 қаласында бастауыш мектеп оқушылары толықтай қашықтан оқытылады Вакцина коронавирустан 100% қорғай ма – профессор жауабы Жамбыл облысына 72 жастағы қарт коронавирустан айықты

«Бүгінгі қиын жағдайда бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, ынтымақтаса өмір сүрмесек болмайды. Меніңше, елімізде індетке қарсы шаралар дер кезінде қолға алынды. Үлкен қалалар ертерек жабылып, ауру басқа өңірлерге көп тарала қойған жоқ. Мұндай адамзат өмірі сынға түскен кезеңде халыққа ең алдымен мемлекет қамқорлығы керек. Көп жұмыстар істеліп жатыр. Оны көріп те, сезіп те отырмыз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 31 наурыздағы мәлімдемесі ел басына күн туған күрделі кезеңде қиналған жұрттың көңіліне дем берген алтынкүрек желіндей болды. Талай азапты бастан өткерген елміз ғой. Бұдан да өтерміз. Тек сабырлы болайық», - дейді ақын.

Сондай– ақ, ол қазақстандықтарды Covid -19 коронавирус инфекциясын сақ болуға шықырды.

«Қазір бүкіл әлем тығырыққа тіреліп тұр. Тіпті адам баласын ғарышқа ұшырып, ертегіні шынға айналдырған ғылым мен техника да шарасыз. Жер шарын түгел қамтыған дауасыз дерт ауыздық бермей, күн сайын қанша адамның өмірін жалмап, өршіп барады. Дүниежүзіндегі жағдайды түгел алақандағыдай көріп отырмыз. Есін тез жиып, есік-терезесін қымтап үлгіргендер дұрыстала бастады, ал енді қалыпты тіршілігінен танбай, бұл дерттің қауіптілігін мойындағысы келмегендер қатты қиналып жатыр. Сондай орны толмас өкініште қалмас үшін абай болайық, сақ болайық»,– дейді Гүлнәр Салықбай.

«Бауыржан Момышұлының «Тәртіп тән үшін, ынтымақ жан үшін керек» деген сөзі бар. Бұл құрдымнан бізді тек тәртіп, бір бірімізге деген жанашырлық пен тілектестік қана алып шыға алады»,– деп түйіндеді ол.

Айта кетейік, кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық телеарналар эфирінен мәлімдеме жасаған болатын.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT