Гүлнәр Құлқаева Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығының басшысы қызметіне тағайындалды

None
Фото: gov.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының басқарма төрағасы болып Гүлнара Өтепергенқызы Құлқаева тағайындалды.

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Гүлнара Құлқаева 1969 жылы туған. 1994 жылы Астрахань мемлекеттік медицина академиясын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша дәрігер біліктілігімен, 2009 жылы Нагой университетінде (Жапония) магистратураны (Graduate Medical School of Nagoya University) «Денсаулық сақтауды басқару» мамандығы бойынша бітірген.

2010 жылы - Астана қаласындағы Гумилев атындағы Еуразия гуманитарлық институтын «Құқықтану» мамандығы бойынша, 2015 ж. - Almaty Management University (Халықаралық бизнес академиясы) «Іскерлік әкімшілендіру, іскерлік әкімшілендіру магистрі» мамандығы бойынша бітірген. Медицина ғылымдарының кандидаты.


Соңғы жаңалықтар