Гүлнәр Кәрімоваға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды

None
None
ТАШКЕНТ. УзА - ҚазАқпарат – Өзбекстанның Бас прокуратурасы Гүлнәр Кәрімоваға қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА УзА агенттігіне сілтеме жасап.

«Өзбекстанның Бас прокуратурасы Г.Кәрімова мен қылмыстық қоғамдастықтың құрамында бопсалау, бюджет қаржысын жымқыру және қылмыстық жолмен табылған кірістерді шетелде заңдастыру сияқты қылмыстарды жасаған өзге де азаматтарға қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады»,-делінген Өзбекстан Бас прокуратурасының ресми мәлімдемесінде.

Қазіргі таңда қылмыстық іс қарау үшін сотқа жолданды.

Осыған дейін «ҚазАқпарат» ХАА тілшісінің ӨР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлағанындай, Гүлнәр Кәрімоваға қатысты жаңа қылмыстық іс қозғалды. Өзбекстанның Бас прокуратурасы мен Әділет министрлігі АҚШ, Швейцария, Франция, Ресей Федерациясы, Латвия сияқты шет мемлекеттермен Г.Кәрімованың құны 1,3 млрд АҚШ долларын құрайтын «қылмыстық жолмен тапқан» және кейбір шет мемлекеттерде қылмыстық істер қозғалып жатқан әрекеттері бойынша бірлескен жұмыстар жүргізілуде.






Соңғы жаңалықтар