Гүлмира Сатыбалдыға қатысты екі факті бойынша тергеу аяқталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Антикоррупциялық қызмет Гүлмира Сатыбалдыға қатысты тергеудің бір бөлігін аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоға сілтеме жасап.

Ол кәсіпорындардың қатысу үлесін заңсыз иемдену, соның ішінде адам ұрлаумен ұштасқан екі факті бойынша тергелген еді.

Жәбірленушіге келген залал сомасы - 6,6 млрд теңгеден асады.

15 желтоқсанда қылмыстық іс айыптау актісімен бірге прокуратураға жіберілді.

Гүлмира Сатыбалды және оның бақылауындағы «Ария-Жаңа Астана» ЖШС компаниясының басшылығы, сондай-ақ мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары объектілерді салуға бөлінген бюджет қаражатын ұрлады деген күдікке ілінген.

Тергеу сатысында мемлекетке келген залал толығымен өтелді.

Осы факті бойынша да сотқа дейінгі тергеу аяқталып, іс күдіктілер мен олардың адвокаттарына танысуға берілді.

Сатыбалдыға қатысты бизнесті басып алу және заңсыз бас бостандығынан айырудың басқа эпизодтары бойынша тергеу жалғасып жатыр.

Еске сала кетейік, Гүлмира Сатыбалдының адам ұрлау фактісі бойынша тергеліп жатқанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар