Гүлмира Сатыбалды Универсиада-2017 нысандары қаражатын ұрлады деген күдікке ілінді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет осы ретте мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына да қатысты тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

«Алматы қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы» КММ лауазымды тұлғалары мен «Ария-Жаңа Астана» ЖШС компания басшылығына қатысты, оның ішінде Гүлмира Сатыбалдыға қатысты 2019 жылы «Алматы қаласындағы 2017 жылғы Универсиада» нысандары құрылыс-монтаж жұмыстарының нақты орындалмаған міндеттері үшін төленген аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр» делінген Агенттік таратқан хабарламада.


Осыған ұқсас аса ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқыру фактілері бойынша мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары мен «Ария-Жаңа Астана» ЖШС басшылығының қатысуымен басқа өңірлерде сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіліп жатыр.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

Еске сала кетейік, Гүлмира Сатыбалды 747 млн теңге бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеуге алынған.



Соңғы жаңалықтар