Гүлмира Сатыбалды сотта айыбын ішінара ғана мойындады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанада Гүлмира Сатыбалды ісі бойынша сот отырысы жалғасуда. Бүгін айыпталушы куәлік етті және өз кінәсін ішінара мойындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Гүлмира Сатыбалды жәбірленуші Айгүл Мекешевамен алғаш танысқан сәттен бастап жақын болғандарын және оған еш шағымы жоқ екенін айтты.

Ол ешқашан ұрлау туралы тапсырма бермегенін, мұндай әрекетке бармайтынын және ешқашан заң нормаларын бұзбағанын айтты.

Сондай-ақ, Г. Сатыбалды өзінің көмекшісі Әйгерім Сыздықоваға сенім артқанына өкінетінін, дәл осы Ә. Сыздықова А. Мекешеваның өз міндеттемесін орындамағанын айтқанын жеткізді.

А. Мекешеваға ренішпен Г. Сатыбалды «Galanz bottlers» АҚ 5%-ын беру туралы уәдесін орындағысы келмеген.

Ол А. Мекешевамен түрлі жобаларда бірге жұмыс істегендіктен, тағы көлікке, пәтерге, кеңсеге ақша таба алады деп ойлаған.

«Озбырлық айыбы бойынша акцияның 5%-ын уәде етіп, оны бермегенімді мойындаймын», - деді Гүлмира Сатыбалды соттағы сөзінде.

Бұл ретте айыпталушы «Айгүл Мекешеваны ұрлап әкетті,»Maxi Bottlers«серіктестігін Г. Сатыбалдының сенімді тұлғаларына қайта жазуға мәжбүрледі» деген айыптарды мойындамады.

Сондай-ақ, ол бизнесмен және «Galanz bottlers» АҚ негізін қалаушы Түрсынғали Алагөзовқа қатысты эпизод бойынша барлық айыптауларды жоққа шығарады.

«Алагөзов бойынша еш кінәні мойындамаймын, озбырлық та, рейдерлік те, Алагөзовке ешқандай физикалық, моральдық зорлық-зомбылық болған жоқ. Мен жай ғана бәрін қайтарып, үйге қайтқым келді. Әлі де өз үйіме барғым келеді», - деп толықтырды айыпталушы.

Бұған дейін Гүлмира Сатыбалды жәбірленушімен ұрлау ісі бойынша мәмілеге келген болатын.

Айгүл Мекешеваға «Galanz Bottlers» АҚ-ның 46,75% және «Maxi Bottlers» ЖШС жарғылық капиталындағы үлесінің 25% берілсе ғана өз талаптарынан бас тартады.

Айыптау нұсқасы бойынша, Гүлмира Сатыбалды моралды қысым көрсетіп, Тұрсынғали Алагөзовты «Galanz bottlers» АҚ акцияларының 43,25%-ын өзінің сенімді тұлғаларына қайта жазуға мәжбүр еткен.

Содан кейін Гүлмира Сатыбалды командасы «Maxi шай» тауар белгісін АҚ-дан «Maxi Bottlers» ЖШС компаниясына ауыстырған, оны сол кездегі қызметкері Айгүл Мекешева (екінші жәбірленуші – ред.) рәсімдеген.

А. Мекешеваның алдына компанияны дефолттан шығару міндеті қойылған, сол үшін «Galanz bottlers»АҚ 5% уәде етілген.

Айыптаушылардың тұжырымынша, Айгүл Мекешева тапсырманы орындаған соң оны ұрлап әкетіп, ЖШС-ні Сатыбалдының сенімді адамдарына қайта жазуға мәжбүрлеген.

Еске салайық, Г.Сатыбалды кәсіпорындардың қатысу үлесін заңсыз иемдену, соның ішінде адам ұрлаумен ұштасқан екі факті бойынша тергелген еді.

Жәбірленушіге келген залал сомасы - 6,6 млрд теңгеден асады.

Бұған дейін белгілі болғандай, Антикор Гүлмира Сатыбалды адам ұрлау фактісі бойынша тергеліп жатқанын хабарлады.

Өткен жылы 18 наурызда елорда соты Гүлмира Сатыбалдыны 2 ай мерзімге қамауға санкция берген еді.

Гүлмира Сатыбалды - Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі.


Соңғы жаңалықтар