Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 13 °С
Алматы: 35 °С
USD 346.68 EUR 404.02
RUB 5.47 CNY 51.15
Жаңалықтар

Гүлмира Исимбаева сұраққа жауап бере алмаған шенеунікке ескерту жасады

2018 жылғы 19 наурыз 13:20 1642
Бөлісіңіз:
Гүлмира Исимбаева сұраққа жауап бере алмаған шенеунікке ескерту жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева сұраққа жауап бере алмаған Аэроғарыш комитетінің өкіліне ескерту жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін Мәжілістегі Үкімет сағаты барысында депутат Жамбыл Ахметбеков Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі өкіліне сауал қойған болатын.

Өз кезегінде Аэроғарыш комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқарушысы Баубек  Оралмағамбетов сұрағына хат түрінде жауап беру ұсынысын айтты.

«Мен Аэроғарыш комитеті өкілімін. Сондықтан да депутаттың берген сауалына министрлік атынан  хат түрінде жауап беруге ниеттіміз», - деді Б. Оралмағамбетов.

Осы орайда Мәжілісі төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева аталған министрлік өкілдеріне ескертуін айтты.

«Үкімет сағатына құзыретті өкіл ғана шақырылуы тиісті еді. Сіз бүгінгі тақырыптың маманы емеспін, сауал құзыретіңізге кірмейтінін айттыңыз, солай ма? Сондықтан Баубек Жеткергенұлы, сіздің уақытыңызды алмайық. Бұл жерде 2-3 сағат Парламентте отырып кету мақсат емес. Бізге мұндай тақырып бойынша мүдделі, сұрақтарға жауап бере алатын, пікір айта алатын мамандар қажет. Ал сіз негізгі жұмысыңызбен айналыса беріңіз», - деді  Гүлмира Исимбаева Аэроғарыш комитеті өкіліне қарата айтқан сөзінде.

 

 


Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
Редактор
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
Мұрағат