Гүлмараш Орынбасарқызы: Астана - Елбасы идеясының жемісі

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Еңселі елордамызға Нұр-Сұлтан атауының берілуі дұрыс деп білемін. Тұңғыш Президентіміздің осындай елорданы жасауы, Астанамызды әлем тануы, бұл - Елбасының жетістігі. Бұл туралы Хромтау қаласындағы №6 гимназияның директоры Гүлмараш Мұқашева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанның заманға лайық жаңа астанасын салу идеясы мемлекеттің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа тиесілі. Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. Астананы ресми көшіру 1997 жылдың 10-ы желтоқсанында жүзеге асырды. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті. Қазақстанның Тұңғыш Президентінің идеясымен іргесі қаланған жаңа елорда қысқа мерзім ішінде жалпыұлттық идея мәртебесіне ие болып, жас мемлекеттің тәуелсіздігінің символына және жаhандық табысына айналды. Әр елдің болашақ тағдырын айқындайтын тарихи кезеңдері болады. Сондай кезеңдердің бірі - астанамыздың Сарыарқа төсіне қоныстануы болды. Тәуелсіздік туы көгімізде желбіреген күннен бастап, еліміз үшін жаңа тарихтың басталғаны белгілі. Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуы үшін Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев үлкен мақсаттарды алға қойды. Осы тұста Елбасымыздың көкірегінде қайнап піскен, елорданы Ақмолаға көшіру туралы идеясы ешбір кедергіге, кейбіреулердің күдіктеріне қарамастан іске асып, бүгінде ел мақтанышына айналып, тарих беттерінде алтын әріптермен жазылды. Тәуелсіздік туы көгімізде желбіреген күннен бастап, еліміз үшін жаңа тарихтың басталғаны белгілі», - дейді Гүлмараш Мұқашева.

Ұстаз астанаға Нұр-Сұлтан атауын беру ұсынысын қолдап, бұл - қаланың тарихи негізі екендігіне тоқталды.

«Елбасының ізгі саясаты, көрегендігі мен кемеңгер ойының жемісі, арманы, мақсаты, халқының тарихынан нәр алғандығы шығар. Астанамыздың шаңырағы биікке көтеріліп, уығы нық қадалып, керегесі келісті жайылды деуге болады. Астана қазірдің өзінде азиялық шаһарлардың арасындағы ең бір еуропалық қала. Осы еңселі елордамызға Нұр-Сұлтан атауының берілуі дұрыс деп білемін. Тұңғыш Президентіміздің осындай елорданы жасауы, Астанамызды әлем тануы, бұл - Елбасының жетістігі», - дейді Гүлмараш Орынбасарқызы Мұқашева.

Соңғы жаңалықтар