Гүлбану Әзімханова «Әлем аруы 2017» байқауының финалына өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдағы «Әлем аруы 2017» байқауына Қазақстан атынан қатысып жатқан Гүлбану Әзімханова ТОП-40 арудың қатарына енді. Бұл туралы  «Қазақстан аруы» байқауының Инстаграмдағы парақшасында хабарланды.

«Әлем аруы 2017» байқауының ресми бөлігі бүгін, 18 қараша күні астана уақытымен 17.30-да басталады. Гүлбану өзге 39 қатысушымен бірге байқаудың басты сыйлығы - жеңімпаз тәжі үшін бақ таластыратын болады.

«Достар, жақсы жаңалығымыз бар!!!! «Қазақстан аруы» Гүлбану Әзімханова «Әлем аруы 2017»-нің ТОП-40 қатарына енді! ... Аздап түсіндіріп өтсек. Бастапқыда жеребе тарту арқылы 118 қатысушы 20 топқа бөлінді. Әрбір топта  әңгімелесу өтіп, оның нәтижесі бойынша жанкүйерлер мобильдік қосымша арқылы өзіне ұнаған қатысушыға дауыс берді», - делінген әлеуметік желідегі жазбада.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, «Қазақстан аруы 2017» атанған Гүлбану Әзімханова қазан айының соңында әлемдік сән додасына қатысу үшін Қытайдың Санья қаласына аттанды.

Байқау кезеңдерінің бірінде "Қазақстан аруы" Арал теңізінің мәселелері мен оны шешу жолдары туралы экологиялық жобаны таныстырады.  Биыл "Әлем аруының" ұйымдастырушылары форматты аздап өзгертуді ұйғарған. Байқау Head-to-Head Challenge үлгісінде өткізіледі. Ұйымдастырушылардың пікірінше, әлеуметтік желілер мен интербелсенділікке баса назар аударылады. Финалға тек 40 қатысушы ғана өтеді, олар әртүрлі іс-шаралар мен дауыс беру нәтижелері бойынша анықталады. 

null null null 

Соңғы жаңалықтар