Гуамға «Мавар» тайфуны таяп келеді

None
Видеодан алынған кадр
БРЮССЕЛЬ.ҚазАқпарат - Қуатты тропикалық циклон АҚШ аумағын айналып өтуі мүмкін, бірақ қатты жел аралдың көп бөлігін электр қуатынсыз қалдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап.

Қатты жел, нөсер және судың толқын деңгейінен 4 жарым метрге көтерілуі мен «Мавар» тайфунының жақындауына байланысты Гуам тұрғындарына «үш есе» қауіп туралы ескертілді.

Метеорологтардың мәліметінше, сәрсенбі күні таңертең алып тайфун Тынық мұхитының Америкадағы аумағы жағалауынан шамамен 110 шақырым жерде болған, ал желдің жылдамдығы 225 км/сағ жеткен.

Су тасқыны қаупіне байланысты жергілікті билік қаңылтыр немесе ағаш конструкциялы үйлердің тұрғындарын эвакуациялауда.

Бір күн бұрын Джо Байден аралда төтенше жағдай жариялап, халыққа федералды көмек көрсетуді бұйырды.


Соңғы жаңалықтар