Грузияның жаңа президентін ұлықтау күні жарияланды

None
None
БАКУ-ТБИЛИСИ. 28 қазан. ҚазАқпарат - Грузияның жаңа сайланған президенті Гиорги Маргвелашвилиді ұлықтау 17 қараша күні өтеді. Грузия Конституциясына сәйкес, жаңа президентті ұлықтау рәсімі сайлаудан кейін үш аптадан соң өтуі тиіс.

Еске сала кетейік: 27 қазанда Грузияда президент сайлауы өткен болатын. 3 741 сайлау учаскесінің 3 376-сында (90,99 %) дауыс санау аяқталды. Әзірше билік басындағы «Грузия арманы» коалициясынан сайлауға түскен Гиорги Маргвелашвили топ бастап келеді.

Бүгін өткен брифингте ОСК басшысы Тамар Жвания хабарлағандай, Г.Маргвелашвили 62,09 % дауыс жинады.

ОСК алдын ала мәліметтері бойынша, 21,9 % дауыс жинаған «Бірыңғай ұлттық қозғалыс» пропрезиденттік партиясынан Давид Бакрадзе екінші орында.

Әрі қарай: Нино Бурджанадзе - 10,06 % дауыс, лейборист Шалва Нателашвили - 2,88 % дауыс, Гиорги Таргамадзе - 1,05 %, Зураб Харатишвили - 0,22 %, Леван Чачуа - 0,19 %, Нино Чанишвили - 0,14 %, Серго Джавахадзе - 0,13 %, Гиорги Лилуашвили - 0,12 %, Коба Давиташвили - 0,58 %, Мамука Меликишвили - 0,06 %, Михаил Салуашвили - 0,08 %, Теймураз Мжавия - 0,08 %, Картлос Гарибашвили - 0,03 %, Гиорги Чихладзе - 0,05 %, Автандил Маргиани - 0,04 %, Нугзар Авалиани - 0,04 %, Тамаз Бибилури - 0,04 %, Тамаз Бобохидзе - 0,02 %, Нестан Киртадзе - 0,05 %, Акакий Асатиани - 0,01 %, Мамука Чохонелидзе - 0,02 % дауыс жинаған.

Соңғы жаңалықтар