Грузияның Парламент сайлауында сайлаушылардың 56,11% дауыс берді

None
None
ТБИЛИСИ. НОВОСТИ-ГРУЗИЯ – ҚазАқпарат - Грузияда өткен парламенттік сайлауда дауыс берушілер саны 56,11% құрады, яғни 1 970 540 адам дауыс берді.

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының «ОСК» баспасөз - спикері Анна Микеладзе арнайы брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Новости-Грузия» агенттігіне сілтеме жасап.

Ең белсенді дауыс берушілер Рача-Лечхуми және Квемо Сванети өңіріндегі бір мандатты №19 округінде тіркелді. Мұнда халықтың 63,8% дауыс берді.

Ең төменгі өрсеткіш Квемо-Картли өңірінде тіркелді. Мұнда жергілікті халықтың 51% дауыс берген. 2016 жылғы сайлауда дауыс берушілердің белсенділігі 51,63% болған. Адам санымен алғанда барлығы 1 814 276 сайлаушы дауыс берді.

Сенбі күні Грузияда Парламент сайлауы өтті. Сайлауға 48 партия мен екі блок түсті. Сайлаушылар 150 депутатқа дауыс берді. Олардың арасында 120 депутатқа пропорционалды, 30 депутатқа мажоритарлы жүйе бойынша дауыс беріледі. Грузиның 3,5 млн халқы дауыс беруге құқылы. Олар 3,8 учаскеледе дауыс берді.


Соңғы жаңалықтар