Грузияның парламент сайлауында дауыс беру басталды

None
None
ТБИЛИСИ. ТАСС - ҚазАқпарат - Грузияда парламенттік сайлауда дауыс беруге арналған учаскелер жергілікті уақыт бойынша 8:00-де (Мәскеу уақытымен 07:00) ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарт ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-ге дейін жалғасады.

Грузияда парламенттік сайлау аралас жүйе бойынша өткізіледі: 150 депутаттың 120-сы пропорционалды тізімдер бойынша, ал 30-ы мажоритарлық тізім бойынша сайланады. Сайлауға 48 партия мен екі блок қатысады.

Жарыстың фавориті – «Грузин арманы - Демократиялық Грузия» билеуші партиясы.

Дауыс беру күні 3 847 сайлау учаскесі жұмыс істейді, оның ішінде 52-сі республикадан тыс жерлерде.


Фото: www.aa.com.tr
Соңғы жаңалықтар