Грузияның Диаспора істері жөніндегі мемлекеттік министрінің сайтына хакерлер шабуыл жасады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Грузияның Диаспора істері жөніндегі мемлекеттік министрінің diaspora.gov.ge сайтына кеше кибершабуыл жасалып, сайт істен шықты, деп жазады trend.az сайты.

Аппарат Грузияның ІІМ-не іс бойынша тергеу жүргізуді сұрап, өтініш жолдаған.

«Біз аталған фактіні ештеңемен байланыстырмаймыз, бұл біз үшін күтпеген жағдай болды»,-деді тілшілерге дүйсенбі күні мемлекеттік министр аппаратының жұртшылықпен байланыс қызметінің басшысы Вахтанг Мамаладзе.

Оның айтуынша, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталып кетті.

Соңғы жаңалықтар