Грузиядан шыға алмай қалған қазақстандық жолаушылар мінген алғашқы ұшақ Атырауға қонды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Грузиядан шыға алмай қалған қазақстандық жолаушылар мінген алғашқы ұшақ Атырауға қонды.

 «Біздің рей Атырауға келді. Енді олар қазір Қарағандыға қарай ұшпақ. Бізде қанша жолаушылар бар екені туралы мәлімет жоқ», - деп хабарлады Bek Air әуе компаниясынан.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 26 тамыздан 40 қазақстандық турист Батумиден елге  ұшып шыға алмаған.   Бұған себеп SKYBUS»  әуе компаниясының ұшақтары  инспекциялық тексеру барысында қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмеуі себеп болған.

ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің ақпараты бойынша, осы жылдың 4 тамызы күнгі ҚР ИДМ  ААК мен  «SKYBUS» АҚ-ң бірінші басшысы қатысқан мәжілісте 2016 жылдың 15 тамызында туристік фирмаларға қызмет көрсетудің аяқталатыны туралы шешім қабылданды.

Сонымен қатар, ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің тұрақты тексеру бағдарламасы барысында CF-2009-47 және CF-2013-10 ұшу жарамдылығы жөніндегі нұсқау мерзімі сәйкес келмейтіні анықталған. Осыған байланысты 2016 жылдың 26 тамызынан бастап «SKYBUS» АҚ-на қарасты борт нөмірлері UP-CJ009 және UP-CJ010 Bombardier CL-600-2B19 ұшақтарының ұшу жарамдылығы серитификаттарын тоқтату туралы шешім қабылданған. 

Соңғы жаңалықтар