Грузиядан аса қауіпті қылмыскер экстрадицияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Бүгін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігі қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін аса қауіпті қылмыскер Беслан Лорсановты Грузиядан экстрадициялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бас прокуратурадан мәлім еткендей, Алматы қаласының Ішкі істер департаменті Беслан Лорсановты А.Б. Хачатрянның өліміне қатысты 2011 жылдан бері іздестіріп келеді.

Ол атыс қаруын қолдана отырып, алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адаммен қарақшылық шабуыл жасады деп күтіктелуде. Келтірілген материалдық шығын 300 млн теңгеден асады.

Қылмыс жасалғаннан кейін күдікті бой тасалап үлгерді. Сол себепті халықаралық іздеуге жарияланды.

Қазіргі уақытта Лорсанов Астана қаласының тергеу изоляторына жеткізілді.

 

Соңғы жаңалықтар