+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Грузиядан әкелінген 1 тонна қауіпті мандарин жойылды

2020 жылғы 2 наурыз 10:47
Бөлісіңіз:
Грузиядан әкелінген 1 тонна қауіпті мандарин жойылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізге әкелінген бір тонна қауіпті мандарин жойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елордалық өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар фитосанитарлық бақылау барысында Грузия елінен «Комсток сымыры» зиянкесін жұқтырған мандариндердің ірі партиясын анықтады.

Карантиндік зиянкестердің таралып кетпеуі үшін ҚР АШМ мемлекеттік инспекторлары 1 210 кг қауіпті мандаринді тәркілеп, зиянды жемістер экополигон аумағында өртелді.

Сонымен қатар, аталмыш факті бойынша әкімшілік іс қозғалып, сот шешімімен өнім иесіне 53 025 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Айта кетсек, Комсток сымыры зиянкесі негізінен алмұрт, алма, анар, шабдалы, өрік, банан, інжір, жүзім, долана, катальпа, цитрустар, картоп, қарбыз, қауын, бұрыш және басқада көкөністерді зақымдайды. Комсток сымыры таралған кезде өсімдіктердің жаппай қурауына алып келеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT