Грузиядағы президент сайлауына Қазақстанның байқаушылары қатысады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Орталық сайлау комиссиясы 28 қазандағы Грузия Президентін сайлауға Қазақстаннан жіберілетін байқаушылар тізімін бекіту мәселесін қарастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат комиссияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы сайлауға тағайындалғандар тізімінде Қазақстан Республикасының 9 өкілі бар. Солардың ішінен Грузия ОСК шақыртуы бойынша сайлауды бақылауға 9 адам қатысады.
ЕҚЫҰ/ДИАҚБ атынан миссияны байқаушылар тізіміне Қазақстанның 6 өкілі кірген: ҚР Орталық сайлау комиссиясынан, ҚР Бас прокуратурасынан және ҚР Жоғарғы сотынан, «Нұр Отан» саяси партиясынан - 1 үміткер, ҚР Сыртқы істер министрлігінен - 2 үміткер бар.
Осылайша, бақылаушы ретінде бекітілетін 9 үміткер мыналар:
ҚР ОСК - 3 адам;
ҚР Бас прокуратурасы - 1 адам;
ҚР Жоғарғы соты - 1 адам;
ҚР Сыртқы істер министрлігі - 2 адам;
«ҚР ОСК ИТО» - 1 адам;
«Нұр Отан» саяси партиясы - 1 адам.
Грузия Президентін сайлауды бақылау үшін құрамында ЕҚЫҰ Парламент Ассамблеясының делегациясы бар ҚР Парламентінің 3 өкілі қатысады.

Отырыстан кейін ҚР ОСК мүшесі З.Х. Баймолдина және ҚР ОСК аппаратының Халықаралық ынтымақтастық және протокол бөлімі қазақстандық байқаушыларға практикалық инструктаж өткізді.

Сонымен қатар, байқаушыларды сайлауды байқау барысындағы негізгі құжаттармен және стандарттармен, атап айтқанда дауыс беру күні рәсімдерінің ерекшеліктерімен және сайлаудың бастапқы нәтижелерін қорытындылау процесімен таныстырды.

Соңғы жаңалықтар