Грузиядағы биліктегі партия парламент сайлауында жеңіске жетті

ТБИЛИСИ. НОВОСТИ-ГРУЗИЯ – ҚазАқпарат – 21 қарашада Грузиядағы парламент сайлауының екінші туры аяқталды. Биліктегі «Грузин арманы» партиясының кандидаттары 17 бір мандатты округте озып шығып, жеңіске жетті. Грузияның Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) сайтындағы алдын ала мәліметтер осындай, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Новости-Грузия» сайтына сілтеме жасап.
21 қарашадағы сайлауда 2,1 миллионнан астам азамат дауыс беру құқығына ие болды. Олар үшін 2 мыңға жуық дауыс беру учаскелері ашылды. Учаскелер жабылатын күні келушілердің саны 26,29%-ды құрады.
Дауыс беру күні сайлау жәшігінде Грузияның 562 664 азаматы дауыс берді. Сайлаудың екі турының қорытындысы бойынша «Грузин арманы» X шақырылған Парламентте 150 мандаттың 90-ын алады.
Қалған 60 орын келесі партияларға бөлінді: «Күш бірлікте», «Еуропалық Грузия», «Лело Грузия үшін», «Патриоттар альянсы», «Агмашенебели стратегиясы», «Гирчи», «Азаматтар» және «Біртұтас ұлттық қозғалыс».
- Коронавирус: Еуроодақ аумағына кіру үшін вакцина сертификаты талап етілуі мүмкін бе
- COVID-19-ға қарсы вакцина: Әлемдегі жағдай қандай
- Мексика президенті коронавирус жұқтырды
- Венесуэла «Спутник V» вакцинасын сынау нәтижелерін жариялады
-
Әбу-Даби қаласында Израиль елшілігі ашылды
-
Португалияда президент сайлауы өтті
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам