Грузияда жаңа премьер-министр

None
None
ТБИЛИСИ. Новости-Грузия-ҚазАқпарат – Бүгін Грузия Парламенті жаңа премьер-министр Георгия Гахария басшылық ететін жаңартылған үкімет құрамына сенім білдіретіндігін жариялады, деп хабарлайды Новости-Грузия.

Жаңа премьерді 98 депутат қолдап дауыс берді (жалпы парламентте 150 депутат бар, оның 76 даусы үкіметті бекітуге жеткілікті). Оппозицияның отырысқа қатыспауы үкіметті бекіту процесіне ықпал еткен жоқ.

Гахария билік басындағы «Грузин арманы» партиясы атынан сайланған бесінші премьер-министр.

Ол бұл лауазымда үкіметті бір жыл және екі ай басқарған Мамуку Бахтадзені ауыстырды.


Соңғы жаңалықтар