Грузияда XVIII ғасырдағы қамал қалпына келтірілді

None
None
ТБИЛИСИ. ҚазАқпарат – Грузияның Карель муниципалитеті Арадети ауылында стратегиялық маңызы бар XVIII ғасырдағы тарихи қамалды қайта қалпына келтіру жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат newsgeorgia.ge-ге сілтеме жасап.

Сонымен қатар, сәулетшілер қамалдың шығыс бөлігінде орналасқан шағын шіркеуді де қалпына келтірді. Шіркеу қабырғаларының бірінен «1666 жыл» деген жазуды көруге болады. Тарихи деректерге сүйенсек, храм Ростом патшаның әйелі – Мариам патшайымның бұйрығымен салынған.

Сондай-ақ әуелі шіркеу салынып, кейін оның айналасы қамалмен қоршалғаны белгілі.

Сәулетшілердің арқасында жөндеуден өткен қамал алғашқы кейпіне толығымен сәйкес келеді.


Соңғы жаңалықтар