Грузияда туристер мінген автобус аударылып қалды

None
None
ТБИЛИСИ. ҚазАқпарат - Грузияның шығысында жол-көлік оқиғасы болып, туристер мінген автобус апатқа ұшырады. Апаттың салдарынан автобуста болған Беларусь елінің 25 азаматы зардап шекті, деп хабарлайды ТАСС.

ТАСС агенттігі хабарлағанындай, Грузияның Телави қаласындағы клиникаға жол апатынан зардап шеккен 16 адамды жеткізген.

«Зардап шеккендердің бірінің бұғанағы сынған, оған операция жасалды. Қалған үш туристің миы шайқалып, өзгелері жеңіл жарақат алған. Олардың барлығына медициналық көмек көрсетілді»,-деп нақтылады клиникадағылар.

Грузия «Рустави-2» телекомпаниясы өкілдерінің хабарлауынша, Тбилисиден Телавиге бара жатқан автобуста 27 адам болған.

Осыған дейін Гомбори тау шатқалындағы жолдардың бірінде де автобус аударылып қалған болатын. Тбилисидің Imedi компаниясы 10 адамның зардап шеккенін хабарлады.

Соңғы жаңалықтар