Грузияда президент сайлауының екінші туры өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Грузияда президент сайлауының екінші туры өтеді, себебі үміткерлердің бір де біреуі 50% дауыс жинай алмаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Грузия ОСК-ға сілтеме жасап.

Грузия ОСК-да жарияланған деректерге сәйкес, дүйсенбі күні таңертең 99%-дан астам сайлау учаскелеріндегі бюллетендерді есептегеннен кейін президенттікке үміткерлердің бір де біреуі 50% дауыс жинай алмағаны анықталды.

Грузияның орталық сайлау комиссиясы тәуелсіз кандидат Саломе Зурабишвилидің көп дауыс жинағанын атап өтті. Оған 38,66% немесе 615 мың сайлаушы дауыс берген. Екінші орында Бірыңғай ұлттық қозғалыс партиясының кандидаты Григол Вашадзе 37,7% дауыспен (600 мың дауыс) тұр.

Олар президент сайлауының екінші кезеңінде кездеседі. Сайлаудың екінші кезеңі 1 желтоқсанға дейін өтуі тиіс.

ОСК дерегі бойынша, сайлаудың бірінші кезеңіне 1,6 миллион сайлаушы қатысқан.

Айта кеткен жөн, Грузия президенті алты жылға сайланады. 

Соңғы жаңалықтар